15 мамыр күні Астанада Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен байланыс саласы мамандары арасында алғашқы республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқауға еліміздің 9 жетекші телеком-компаниясы қатысты. Ал біздің команда жүлделі 3-орынды иеленді!
Марапаттарды ҚР Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиұлы өзі табыстады.
Алғашқы қатысу үшін — бұл жай ғана жетістік емес, бұл — көшбасшылыққа ұмтылыс!
CherryNet — нағыз кәсіби мамандар жұмыс істейтін компания!